Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуының жаңа кезеңін ашатын – жас, қуатты, әлеуеті зор Мемлекет мерекесі. Бүгінгі күні Қазақстан тұрақты түрде орныққан, ұлтаралық келісімі бар, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге қол жеткізген, экономикасы, ғылымы және мәдениеті тұрақты дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Ұлт Көшбасшысының стратегиялық дарыны, оның саяси ерік-жігері, күш-жігері мен алға қойған, мақсаттарына жетудегі табандылығы Қазақстанды бірлік, бейбітшілік пен қоғамдық келісім қоғамның ең қымбат құндылықтары бар елге айналдырды. Осының арқасында біз тұрақты елде өмір сүріп жатырмыз, ертеңгі күнге сенімдіміз, балаларымыздың болашағы үшін сенімдіміз. Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы салтанатты күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасы әрдайым гүлдене берсін. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын! Ізгі тілекпен Ақсу кентінің № 2 орта мектебінің директоры Крылатая Роза Шаменқызы!