Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.
Кибербуллинг дегеніміз – біреуді цифрлық технологиялардың көмегімен қудалау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформалары мен ұялы телефондарда орын ала алады. Бұл – қудалау нысанына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралауды көздейтін мақсатты мінез-құлық үлгісі.
Кибербуллингке келесілер жатады:
Әлеуметтік желілерде біреу туралы жалған ақпарат тарату немесе біреудің келіссіз фотосуреттерін орналастыру;
Хабар алмасу платформалары арқылы тіл тигізетін хабарламалар немесе бопса жіберу;
Өзін басқа адам ретінде таныстырып, оның атынан келіссіз хабарламалар жіберу.
/public/files/2023/11/15/151123_150748_bullyingkz-1.pdf
/public/files/2023/11/15/151123_150833_bullyingkz-2.pdf