“АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚСУ КЕНТІНІҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 2  ПОСЕЛКА АКСУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

СоцСети


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылар кеңесі

 

                                                                      БЕКІТЕМІН

«Степногорск қ. білім бөлімі» ММ басшысы

___________________Т.Семенюк

 «03 »   қаңтар    2018 жыл

 

 

Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы

«Ақсу к. № 2 ОМ» ММ 2018 жылға қамқоршылық кеңесінің құрамы

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Мазанова Гүлжан Төлегеновна, «Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешісі

 

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

Сынып

Т.А.Ә.

Жұмыс орны

 

1

 

Жұмабекова Балжібек Мұхамедьяновна

Ақсу к. әкімдігінің маманы

2

 

Калкин Нұрлан Базарбаевич

Ақсу к. ПОМ учаскесі

3

 

Тайжанов Төлеген Балташевич

Ақсу к. ВГСВ бөлімшесінің командирі

4

0 «А»

Роот Ксения Геннадьевна

«Қазақалтын» ТМК АҚ, ТМР маманы

5

1 «Б»

Сағнаева Айжан Меллятовна

үй шаруасындағы әйел

6

2 «Б»

Бекмагамбетова Кымбат Балташевна

СТС және ТО, контролер

7

3 «А»

Фролова Наталья Георгиевна

жұмыссыз

8

4 «А»

Сараева Ольга Петровна

жұмыссыз

9

5 «Б»

Жылкайдарова Айнұр Нургазиновна

№ 2 АОМ «Балдәурен» шағын орталығының аспазы

10

6 «А»

Жуганова Наталья Александровна

жұмыссыз

11

7 «А»

Хазиева Жанна Олжабаевна

ЖК, шаштараз

12

8 «А»

Смирнова Надежда Владимировна

АҚ СПЗ, контролер

13

9 «Б»

Жусупова Индира Вячеславовна

«Қазақалтын» ТМК АҚ, геолог

14

10 «Б»

Сапина Бегзат Жетпісбаевна

№ 2 АОМ, кітапханашы

15

11 «Б»

Тологон Саулеш

Ақ СПЗ, фрезерші

Хатшы  Сейткина Д.К., Ақсу к. емханасының мейірбикесі

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің

2017 жылғы 27 шілдедегі

№ 355 бұйрығымен бекітілді

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Білім туралы»  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі-Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

     2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында құрылады.

     3. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

     4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. Қамқоршылық кеңесін сайлау тәртібі және құрамы

     5. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруды өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.

       6. Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган бекітеді және қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.

      7. Қамқоршылық кеңесінің құрамына кіреді:

1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса));

4) ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

     Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары оның отырыстарына қатысады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  «Білім туралы» Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кірмейді.

        8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болып табылады және бір-бірімен және осы білім беру ұйымының басшысымен жақын туыстық пен қасиетке қатысы жоқ тоғыз адамнан кем болмайды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

       9. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес құрамындағы мүшелердің саны үш адамнан аспайды.

     10. Қамқоршылық кеңестің басшысы Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен сайланатын (қайта сайланатын) төраға болып табылады.

       Мемлекеттік органдардың өкілдерін Қамқоршылық кеңесінің төрағасы сайламайды және оның міндеттерін орындамайды.

     11. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын Қамқоршылық құрамның құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.

     12. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.

     13. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлайтын хатшы қамтамасыз етеді.

3-тарау. Қамқоршылық кеңесінің өкілеттігі

14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

     1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің есебіне түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

     2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

     3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

    4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

     5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;

    6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;

     7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

     8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін сапалы көрсету туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану туралы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру жөнінде қабылданатын шаралар туралы есептерін тыңдайды;

     9) білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

     10) білім беру ұйымының қызметімен, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілген жағдайлармен танысады, білім беру ұйымы психологының қатысуымен олармен әңгімелесу өткізеді;

     Білім беру ұйымының қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге көмек көрсетеді.

4-тарау. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі

     15. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің бастамасы бойынша шақырады.

     16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды және қамқоршылық кеңес пен қамқоршылық кеңес жұмыс істейтін білім беру ұйымының мүшелеріне қажетті материалдармен бірге отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.

     Хабарламада отырыстың өткізілетін күні, уақыты және орны болады.

     Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізу себептерін қарастыратын анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңес мүшелеріне отырысқа ұсынылатын қажетті құжаттар қоса беріледі.

     17. Қамқоршылық кеңес отырысын өткізу туралы хабарлама алған Қамқоршылық кеңес мүшесі оны өткізу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңес хатшысына өзінің қатысуы немесе қатыспауы туралы хабарлайды.

     18. Қамқоршылық кеңестің төрағасы Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы ұсыныс түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шақырады.

     19. Қамқоршылық кеңесінің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.

     20. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланса және отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе сенімхат бойынша тұлғаға беруіне жол берілмейді.

      21. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады.

      22. Қамқоршылық кеңестің шешімі оның қатысқан мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.

     23. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері қол қояды.

     24. Хаттама Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      25. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Қамқоршылық кеңес қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      26. Білім беру ұйымдарына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Ережеде көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша ғана жұмсалады.

      27. Білім беру ұйымы қабылдаған қайырымдылық көмектен түскен кез келген түсімдер:

     1) мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары үшін-Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

     2) өзге де ұйымдық – құқықтық нысандарда құрылған білім беру ұйымдары үшін-екінші деңгейдегі банкте ашылған шот.

     28. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:

  1. білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;

 

  1. білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру;

 

  1. спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау;

 

  1. мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға арналған шығыстарды жүзеге асыру.

 

       29. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындылары бойынша осы білім беру ұйымының, тиісті саланың уәкілетті органының, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру жолымен қайырымдылық көмек қаражатын пайдалану және қозғалысы жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар етеді.

5-тарау. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын тоқтату

     30. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын тоқтату:

     1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;

     2) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде жүзеге асырылады.

      31. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қамқоршылық кеңесінің құрамынан шыға алады:

      1) жеке бастамасы бойынша;

      2) білім беру ұйымының орналасқан жерінде үш ай ішінде болмауы себебінен.

 

Степногорск қ. «Ақсу к. №2 ОМ» КММ

Қамқоршылық кеңесінің

№ 1 хаттамасы

                                                                                                      02.02.2018 ж.

Комиссия құрамы:

  1. Мазанова Г.Т. – қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  2. Жумабекова Б.М., Ақсу к. әкімдігінің маманы;
  3. Калкин Н.Б., Ақсу к. ПОМ учаскелігі;
  4. Тайжанов Т. Б., Ақсу к. ВГСВ бөлімшенің командирі;
  5. Роот К.Г., «Қазақалтын» ТМК АҚ, ТМР маманы;
  6. Сагнаева А.М., жұмыссыз;
  7. Бекмагамбетова К.Б., СТС және ТО, контролер;
  8. Фролова Н.Г., жұмыссыз;
  9. Сараева О.П., жұмыссыз;
  10.  Жылкайдарова А. Н., «Балдәурен» шағын-орталығының аспазы;
  11. Жуганова Н.А., жұмыссыз;
  12. Хазиева Ж.О., ЖК, шаштараз;
  13. Смирнова Н.В., АО СПЗ, контролер;
  14. Жусупова И.В., «Қазақалтын» ТМК АҚ, геолог
  15. Сапина Б.Ж., №2 АОМ кітапханашы;
  16. Тологон С., АО СПЗ, фрезерші;
  17. Сейткина Д.К., хатшы.

 

Күн тәртібі

  1. ҚР Президентінің  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысу.  

     2.  Мектеп оқушыларының  «Қамқорлық»  акциясына қатысу.

 Бірінші сұрақ бойынша ҚК төрайымы Г.Т. Мазанова сөйледі. Ол ҚР Пезидентінің Жолдауымен таныстырды. Елбасы Жолдауында 2018 жылдан бастап халықтың аз қамтылған топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне көшкеніне назар аударды. Оны көрсету шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40-тан 50% - ға дейін өседі. Еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтар үшін ақшалай көмек олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда қолжетімді болады. Еңбекке жарамсыз азаматтар үшін мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілетін болады.

Мүгедектер, асыраушысынан айырылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақылардың артуы 16%-ға дейін құрады.

Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Екінші сұрақ бойынша әлеуметтік педагог Т.А. Курочкина сөйледі.

 

 

«ҚАМҚОРЛЫҚ»

 республикалық қайырымдылық акциясын өткізудің қалалық Жоспарын

орындау  туралы ақпарат

 

Мектеп:  «Ақсу к. №2 орта мектебі» ММ

 

Іс-шаралардың атауы

Тармақтардың орындалуы туралы мәтіндік ақпарат

1

Акцияны өткізу бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысы (мектептерде стендтер, БАҚ, мектеп сайттары, әлеуметтік желілер, ата-аналар жиналысы, демеушілермен әңгімелесу және т. б.)

Мектепте  «ҚАМҚОРЛЫҚ»  акциясы бойынша ақпараттық стенд ресімделді, сынып жетекшілері ата-аналар жиналысын өткізді, демеушілермен әңгімелесу жүргізілді.

2

Дәлелсіз себептермен сабаққа қатыспайтын немесе жүйелі түрде сабаққа келмейтін балаларды анықтау бойынша жұмыс және оларды мектепке қайтару бойынша шараларды қабылдау.  

 

Акцияны өткізу кезінде дәлелсіз себептермен мектепке жүйелі түрде келмеген балалар анықталған жоқ.

3

Білім бөліміне және қалалық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға оқудан жалтарған балалар туралы уақтылы ақпарат беру

Жүйелі түрде оқуға бармайтын балалар анықталмаған.

4

Демеушілерді, меценаттарды әлеуметтік қорғалатын санаттағы балаларға көмекке тарту

ЖК «Жуганова», «Ақсу к. №2 орта мектебі» ММ педагогикалық ұжымы

5

Аз қамтылған отбасы балаларына гуманитарлық көмек көрсету, қаражат жинау

Киім қабылдау пункті ашылды (10 қаңтардан 10 ақпанға дейін), демеушілермен әңгімелесу

6

Акцияны қолдайтын БАҚ, демеушілер, меценаттарды шақыра отырып, бастапқы және финалдық баспасөз конференцияларын өткізу

10 қаңтарда демеушілерді шақырып жиналыс өткізу

7

Сабаққа келмеудің пайда болуы  жалпы ықтималдықтың алдын алуға немесе азайтуға бағытталған жеке-профилактикалық жұмысты жүргізу. (сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, сауалнама, әңгімелесу, тренингтер және т. б.))

 

5-11 сыныптардағы сыныптан тыс іс - шаралар, «Қамқорлық» акциясы-қайырымдылыққа жол»,  ата-аналар жиналысы, педагогикалық ұжым арасындағы тренингтер

8

ІІБ инспекторларын тарта отырып, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын анықтау мақсатында рейдтер жүргізу, қолайсыз, проблемалы отбасылардағы балалардың пәтерлеріне бару

10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында  сынып жетекшісімен, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары және әлеуметтік педагогпен 13 пәтерге барылды, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар  актілері жасалды

9

Демеушілік қаражат есебінен тегін тамақпен қамтуды ұлғайту, жаппай оқыту қоры есебінен оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды тұрақты бақылау (мемлекеттік стандартқа сәйкес құжаттарды тексеру)

Жаппай оқыту қоры есебінен тегін тамаққа аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан 13 оқушы қойылды:

Виденмаер Артур Евгеньевич (4 «А» сынып), Виденмаер Карина Евгеньевна, (4 «А» сынып), Сараев Юрий Викторович, (2 «А» сынып), Кенесова Багдина Дархановна, (2 «А» сынып) , Бардиер Дарья Сергеевна, (2 «А» сынып), Шакирханова Даяна Жанатовна, (1 «А» сынып), Бакенова Акжунус Амантаевна, (1 «А» сынып), Бакенова Айымгуль Амантаевна,

(1 «А» сынып), Сараев Святослав Викторович, (1 «А» сынып), Пак Леонид  Леонидович, (1 «А» сынып), Кенесова Мадина Дархановна, (3 «А» сынып), Жүніс Алдияра Бұрханұлы (3 «Б» сынып), Насымова Рамазана Бурханұлы (5 «Б» сынып). Барлық балалар көп балалы жанұялардан (отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен)

 

10

«Қамқорлық» акциясын өткізу туралы БАҚ-да (қалалық газеттерде) басылымдары

«Қамқорлық» акциясын өткізу туралы  Facebookо мақала

11

«Қамқорлық» республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы білім бөліміне фотоқосымшасымен қорытынды ақпарат беру.

 

 

 

 

Мектеп

Көмектің жалпы сомасы, демеушілерарқылы

Көмек көрсетілген балалардың жалпы саны

Олардан:

тегін тамаққа (сомасы + балалардың саны)

кеңсе тауарларына

(сомасы + балалардың саны)

басқасы

(нақты жазу: сомасы + балалардың саны)

«Ақсу к. №2 орта мектебі» ММ

90 000

37

0

37 бала 25000 мың теңге

туфли -6, шарфтар-3, курте- 1

- 10 бала

 

 

 

 

 

                             Төрайымы:                                      Мазанова Г.Т.

 

                               Хатшысы :                                       Сейткина Д.К.

Степногорск қ. «Ақсу к. №2 ОМ» КММ

Қамқоршылық кеңесінің

№ 2 хаттамасы

 

                                                                                                       02.04.2019 ж.

Комиссия құрамы:

  1. Мазанова Г.Т. – қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  2. Жумабекова Б.М., Ақсу к. әкімдігінің маманы;
  3. Калкин Н.Б., Ақсу к. ПОМ учаскелігі;
  4. Тайжанов Т. Б., Ақсу к. ВГСВ бөлімшенің командирі;
  5. Роот К.Г., «Қазақалтын» ТМК АҚ, ТМР маманы;
  6. Сагнаева А.М., жұмыссыз;
  7. Бекмагамбетова К.Б., СТС және ТО, контролер;
  8. Фролова Н.Г., жұмыссыз;
  9. Сараева О.П., жұмыссыз;
  10.  Жылкайдарова А. Н., «Балдәурен» шағын-орталығының аспазы;
  11. Жуганова Н.А., жұмыссыз;
  12. Хазиева Ж.О., ЖК, шаштараз;
  13. Смирнова Н.В., АО СПЗ, контролер;
  14. Жусупова И.В., «Қазақалтын» ТМК АҚ, геолог
  15. Сапина Б.Ж., №2 АОМ кітапханашы;
  16. Тологон С., АО СПЗ, фрезерші;
  17. Сейткина Д.К., хатшы.

 

                                                        Күн тәртібі

  1. Қамқоршылық кеңесте сынып жетекшілері Б.М. Жұмадилованың, Т.А. Курочкинаның есебі.
  2. «Білім алушылардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір сүру» тақырыбы бойынша мектепшілік ата-аналар жиналысына даярлық.
  3. Әртүрлі.

Бірінші сұрақ бойынша әлеуметтік педагог, 8 «А» сыныптың сынып жетекшісі Т.А. Курочкина сөйледі. Ол өзінің сыныбындағы жұмыспен таныстырды,  тікелей жасөспірімдер Асқар Тасболатпен, Асылхан Джукуповпен жұмыс туралы, олар толық емес жанұяда тәрбиеленеді.   Асқар Тасболатты әкесі тәрбиелейді, ол вахта бойынша жұмыс істейді, сондықтан Асқар әрдайым әжесімен (әкесінің анасымен) тұрады. Ол өзінің баласы мен немерісіне көмектесуге тырысады.  Асылхан Джукуповты анасы жалғыз тәрбиелейді, ол да вахта бойынша жұмыс істейді, Асылхан да өз анасының әжесінде тұрады. Оқушының екеуі де өздеріне жоғары назар талап етеді, өйткені оқу процесіне дұрыс қарамайды, ұйықтап қалады, кешігіп келеді, үй тапсырмаларын орындамайды. Сынып жетекшісі Т.А. Курочкина күн сайын олармен жұмыс істейді және бақылайды, туыстарымен әңгімелесіп, кездесіп тұрады.  8 «Б» сыныптың сынып жетекшісі Б.М. Жұмадилова 8 «Б» сынып оқушысы Д.Н. Бекжанова туралы айтты, ол мектептің тәуекел тобында тұрады.  Данна толық емес жанұяда анасымен тәрбиеленеді,  ол қызын дұрыс тәрбиелемейді, жұмыс істемейді.  Данна әжесінде тұрады.  Оқуды Данна нашар оқиды, бірақ тырысады.

2. Қамқоршылық кеңестің төрайымы Г.Т. Мазанова мектепшілік ата-аналар жиналысында мектепте салауатты өмір сүруді насихаттау мәселесін қарастыруға ұсынды. Күн тәртібіне келесі сұрақтарды шығарды:

-ыстық тамақты ұйымдастыру және сапасын бақылау;

-мектепте медициналық қызмет көрсету;

-ауруларды  профилактикасы;

-медициналық тексерудің рөлі;

- мектепте салауатты өмір сүруді насихаттау.

Мақсаты: қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасында күн тәртібі бойынша мектепшілік ата-аналар жиналысына даярлықты бөлу.

  1. Үшінші сұрақ бойынша мектеп директоры Р.Ш. Крылатая сөйледі,

ол нұсқама негізінде оқу жылы аяқталуға жақындағаны туралы айтты, 9 сыныптардың мемлекеттік емтихан тапсыруы туралы, 11 сынып түлектерінің ҰБТ тапсыруы туралы, келесі сыныптарға ауыстыруы туралы (1-4 сыныптар), (5-8 сыныптар).  5-8 сыныптар жаңартылған бағдарлама бойынша емтихан тапсырмайды.

 

 

 

                             Төрайымы:                                       Мазанова Г.Т.

                               Хатшысы:                                          Сейткина Д.К.

 

 

 

Жаңартылған күні: 08.04.2019 23:49
Құрылған күні: 13.04.2019 11:41

Текст