«Ақсу кентінің №2 орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы.
09.06.2014 ж.; 08.04.2015 ж. Үкіметтің Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.edu.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
портал арқылы жүгінген кезде білім беру ұйымына қабылдау туралы хабарлама алу үшін-бес жұмыс күні ішінде;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
күндізгі және кешкі оқу нысанына-30 тамыздан кешіктірмей;
бірінші сыныпқа - 1 маусымнан 30 тамызға дейін;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), туу туралы куәліктің көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туса);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама: № 063/е нысаны (денсаулық паспорты) және
№ 026/у-3 нысаны (егу картасы
4) баланың 3х4 сантиметр көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болған жағдайда).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) тапсырылған құжаттар тізбесі;
2) құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ оның байланыс деректері.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру арқылы жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.:
1) тапсырылған құжаттар тізбесі;
2) құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ оның байланыс деректері.
Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін білім беру ұйымы ұсынады.
Қажет болған жағдайда алқалы орган қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»
Мемлекеттік қызметті кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап-5 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттардың көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырып тексереді және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.:
1) тапсырылған құжаттар тізбесі;
2) құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ оның байланыс деректері.
«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандардың, қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап жолдама (жолдама) бергенге дейін – 15 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама (жолдама).
Мемлекеттік қызмет ақылы / тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында көзделген білім алушылардың санаттарына жеңілдікті негізде ақылы немесе тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтің құнын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет - ресурстарында орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі немесе оның заңды өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші (еркін нысанда);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) анықтаманың көшірмесі (бар болса):
4) отбасының табысы аз адамдарға жататынын растайтын мәліметтер:
5) даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;
6) көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт).
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру арқылы жүзеге асырылады:
1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) құжатты жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушының білім беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу мән-жайлары жазылған еркін нысандағы өтініші;
2) туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі.
Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-на жеке өзі келуге мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
ХҚО-на құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті Республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсетеді .
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алғанға дейін –15 жұмыс күнінен аспайды;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі немесе оның заңды өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының экстернат нысанында оқуға еркін нысандағы өтініші;
2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
3) білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың шетелде уақытша тұруы туралы анықтама, шетелде оқығанын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының соңғы оқу сыныбындағы үлгерім табельдерінің көшірмелері;
5) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің) көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-20 минут.
1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут;
2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру болып табылады.
6.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге арналған құжаттар тізбесі:
1) аттестаттауға өтініш;
2) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті түрде ұсынуы үшін қажетті құжаттардың көшірмелері:
жеке басын куәландыратын құжат;
білім туралы диплом;
қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлік;
біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар;
3) кәсіби жетістіктер туралы мәліметтер (олар болған жағдайда):
педагогикалық тәжірибені жалпылау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіби қызметтің өзіндік талдауы.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызмет:
1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
2) «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы;
3) «Арнаулы білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы№ 100 қаулысы;
4) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы№ 1119 Қаулысы (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
5) «Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы№ 974 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
3. Аталған қызмет денсаулық жағдайы бойынша уақытша немесе тұрақты білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 11 – тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап-3 жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарының ғимараттарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәкірібі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) медициналық көрсеткіштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы қорытынды: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) береді; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы орны бойынша;
2) мүгедек баланы үйде оқыту үшін білім беру бағдарламасы түрінің қорытындысы мен ұсынымы: тұрғылықты жері бойынша психологиялық – медициналық-педагогикалық кеңес береді.;
3) білім беру ұйымы директорының атына ата-аналардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;
4) мемлекеттік қызметті алушының ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
5) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) мекенжай анықтамасы;
7) ата-анасының жұмыс орнынан анықтама.
Мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттары білім беру ұйымының басшысына тапсырылады.
Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі-мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілдерінің жеке келуі арқылы.
Білім беру ұйымдары осы регламенттің 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы хабарлайды.
«Ақсу к. №2 орта мектебі» КММ 2019 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету
2019 жылы мектеп келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:
Көрсетілген қызметтердің барлығы – 85, оның ішінде:
1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» -34.
Жауапты-Кресс А. Р.-хатшы
2.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» - 1.
Жауапты-Мустафина К. З.-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3.«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» - 0.
Жауапты Досова Г. Е. - директордың ТЖ жөніндегі орынбасары
4. "Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" - 36.
Жауапты Курочкина Т. А.-әлеуметтік педагог.
Жалпы ережелер.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде беріледі:
1) Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына: www.edu.gov.kz; "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде»;
2) шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның, Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
№ п/п | Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді | Атауы қызметтер | Нысанын жүктеу | Қызмет online |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |