“АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚСУ КЕНТІНІҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 2  ПОСЕЛКА АКСУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

СоцСети


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала: Шәкірттерді тәрбиелеудегі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің маңызы.

28.02.2018

Шәкірттерді тәрбиелеудегі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің маңызы.

 Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ болып қалыптасқан.Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты бірінші орынға білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуы.
Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесі. Адамның ақыл-ой мәдениетін қалыптастыра отырып дамыту осы жеке тұлғаны дамытудың ең негізгісі болып табылады.

Бүгінгі өмір талабына сай, баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиетінің маңызы зор. Қазіргі кезеңде заман ағымы білімді талап етуіне сай, көп тілдерді салыстыра оқыту арқылы оқушының оқу мен білімге қызығушылығын арттырып, шығармашылық көзқарасының қалыптасуына негіз болу – пән мұғалімдерінің басты міндеті болып қала бермек.

Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.  Сол себепті біздер де әр кез үлкен ізденісте жүріп, әр сабаққа жан жақты дайындалуымыз қажет
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деп өткен ғасырда айтқан сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы, көп нәтижеге жетуге болады.
 Тіл ұлттың  аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі және тіл қай ұлтта қай өлкеде болса да қасиетті, құдіретті. Ол адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады, сондықтан болар, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра. Мен әрбір сабағыма дайындықты баланы осы мұраны көзінің қарашығындай қорғауға бағыттаудан бастаймын. Әрбір сабақтағы ұстанымдарым:

-         оқушыға қандай білім қажет?

-         қажет білімді оқушы санасына қалай енгізу қажет?

-         оқушы қажет білімді меңгерді ме?

Педагогикалық білім  тұрғысынан алғанда бұл мәселелер былайша тұжырымдалады:

-         қажет білім мәселесі

-         білім беру мәселесі

-         білім тексеру мәселесі

Оқушыға қажет білімдер оның жасына, жынысына, этносына, дене, психика, рух дамулары деңгейлеріне сай болуы қажет. Әрбір мұғалім психологиялық тұрғыда әр баланы меңгеріп, соның деңгейінде жұмыс түрлерін ұйымдастыр-са, ол мұғалімді бала «іздеп» тұрады.

Сауаттылық – сапалы білім негізі. Орфоэпия мен орфография қазақ тіліндегі негізгі салалар. Мен әрбір сабағымда, әрбір тақырыпта осы мәселелерге тоқталып мән беріп отырамын.

Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда да оқыту әдістерінің атқаратын қызметі зор.Мен өз тәжірибемде қазақ тілін оқытудың әдістемелік жақтары- ның келесі бағыттарын ұстанамын.

1.Сөйлесуге үйрену:ауызекі сөйлесудің,түсінудің мүмкіншіліктерін және өз ойларын еркін жеткізе білулерін арттыру.

2.Айтар ойын ауызша жеткізіп қана қоймай,дұрыс жаза білуі.

3.Газет-журнал,баспа беттерінен қажет материалдарды оқи алу.

4.Көлемді,шағын мәтіндермен,сөздіктермен жұмыс істей білу.

5.Іс-қағаздарды,хабарландыру т.б. толтырып,жаза білу,түсіне білу.

6.Классикалық шығармаларды түп нұсқадан оқып,түсіне білу.

Сабақтың сапасын жақсарту үшін  мұғалім оқушылармен білім  арқылы жақсы  қарым-қатынас жасауы керек. Педагогтар оқушылардың әрқайсысына олардың білім сапасына,келешекте алған теориялық білімін практикалық әдісін қоса ұштастырып, орынды пайдалануға  мүмкіндік туғызады.Осы тұрғыда оқушы теория  мен практиканы ұштастыра білуі тиіс. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану,шығармашылығын дамытудың басты мақса- ты.

Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың шығармашылық қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.Оқушылардың ойын дамыту, белсендігі, мен дербестігін қалыптастыру- да шығармашылық жұмыстарды тиімді жүргізе білудің маңызы ерекше. Оқу үрдісінде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану – ұстаз шеберлігін шыңдау, біліктілігін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады.

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарында мұғалім берген тапсырманы өз біліктілігімен қойылған міндетті орындап, өздері қорытынды пікір жасай білетін нәтижелі жұмыстар бар.

Оқушылардың іскерлік дағдысы мен алған білімді меңгеруі нәтижелі болуы үшін ол сабақта тек тыңдаушы ғана болмай, әрекет үстінде болады. Сабақ үстінде оқушының өз бетімен істейтін жұмысына елеулі уақыт бөлінеді.Жоғары сыныпта бұған көбірек уақыт бөлінсе, оқушы белсенділігі артып, кітаппен жұмыс, пікірталас туғызу қызығушылықты арттырады.

         Сабақта өздігінен орындайтын жұмыс түрлері:

1.Жаттығу.

2.Ой-толғау.

3.Жоспарлау.

4.Тезис-жоспар.

5.Мәтін құрастыру.

6.Суреттеме жазу.

7.Портреттік сипаттау,т.б.

6-сыныпта қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде суретке қарап отырып, эпиграмма жазу, өлең құрастыру тапсырдым.

 

«Күшті»

.................................... мақтанды,

.................................... Ақанды.

.................................... Бәкен,

.................................... екен.

         Бірнеше оқушы өлең жолын құрастырып берді.

Бәкен келіп бізге былай мақтанды,

Жығып кеттім кеше күресте Ақанды.

Қуанып ек күшті екен деп біздің Бәкен,

Жыққаны өзінің кішкене інісі екен.

Бұл, әрине, сәтті өлең шумағы болмаса да, оқушының ізденімпаздығы мен қызығуын арттыру үшін ой қозғау жұмысы болды.Оқушы өлең шумақтарындағы ұйқас түрін, буын, бунақ теңдігін сақтау, өлең құрылысын үйренуі үшін және «жаттығу» жасату жас қаламның ұшталуына жол ашары сөзсіз.Келесі сабақта «Алтын күз» деп тақырып тастап, ұйқас түрін табу, өлең жұмбағының құпиясын шешу тапсырмасы күрделене түседі.Оқушы төмендегі өлең жолдарын ұйқасқа құрды.

.......... сарғайып, (жапырақтар)

.......... малынды, (сары түске)

Айнала мүлде ........... (ғажайып)

Жемістер жинап ........(алынды)

Мұғалім сабақты сабақта,сабақтан тыс тапсырмалар арқылы түрлендіріп отырып,оқушы қабілетін, ойын жүйелеуге,ізденуге,қорытындылай білуге бағыттауы қажет.Ертеңгілік сюжетке құрылған төмендегі шығарма оқушының қиялын ұштап,ойын дамытады,қиялына жан бітіреді,ойлау логикасын тереңдетеді.

 

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

№2 Ақсу орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аппасова Гүлмира Шәріпханқызы

Просмотров: 705

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст