Текст
1 қыркүйек күні 9 " А "сыныбында "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ " атты сынып сағаты өтті. Сынып сағаты қарым-қатынас сағаты түрінде өтті, онда балалар өздерін және өз қабілеттерін топтық жұмыс түрінде көрсетті. Әңгімелермен танысып, оларды талқылап, өз пікірлерімен бөлісті,сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, ойын өткізілді, оның мақсаты-балаларды саналы түрде мамандық таңдауға тәрбиелеу.