Степногорск қаласының білім бөлімінің
«Ақсу кентінің №2 орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім саласында: азаматтардың, қоғамның, мемлекттің білімдік және мәдениеттілік қажеттілігін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында мектеп алды дайындық, орта білім беру бағдарламаларын іске асыру функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3.Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 10 шілде № а-7/254 жарлығының шешімімен құрылды.
4.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Степногорск қаласының әкімдігі болып табылады.
5.Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Степногорск қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
6.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы -Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7.Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: 021502, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Аксу кенті, Ленин көшесі, № 3 ғимарат.
2-тарау.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
8.Степногорск қаласының білім бөлімі «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі бар.
9.Степногорк қаласының білім бөлімі «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10.Степногорк қаласының білім бөлімі «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
11.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндет тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3-тарау.Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12.Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік мекеме алты жастан он алты жасқа дейінгі (он сегіз) жасқа дейінгі балаларға білім бере отырып олардық қауіпсіздігі және тегін білім алуларына жағдай жасау, мектеп алды дайындық сыныптарды бес жастан алты жасқа дейінгі балаларды біліммен қамтамасыз етеді.
13.Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты оқушылардың жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнының міндетті ең аз мөлшерін меңгеру негізінде жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындықтарын қалыптастыру; мектеп оқушыларының қоғамдағы өмірге әлеуметтік бейімделуі; болашақ мамандығы мен еңбек қызметін саналы түрде таңдауы мен меңгеруі үшін негіз жасау арқылы азаматтық пен Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
14.Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жаппай біліммен қамту;
2) білім беру үдерісінің үздіксіздігі;
3) оқыту тілі – қазақша, орысша;
4) мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жоғарылату;
5) инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымының антитеррорлық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
8) мектепте шағын - орталық «Балдаурен» ашылған және қызмет етуде;
9) ата-аналар (заңды өкілдер) міндетті: білім беру мекемесінде мектептің Қамқоршылық кеңесімен бекітілген, мектеп кеңесімен белгіленген үлгідегі оқушылардың сабаққа қатысуын, киім үлгісін қадағалау;
10) мектепке қызметкерлер мен білім алушылардың шанышпалы кесетін заттар, химиялық және улы заттар, қабілетті залал келтіретін, сондай-ақ денсаулығына қауіп төндіретін заттарды әкелуге тыйым салынады.
15.Коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
16.Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
17.Степногорск қаласы білім бөлімі «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқарудың заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы немесе аудан әкімдігі және жергілікті қоғамдастық жиыны, ауылдық әкімшілік (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.
18.Тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекеме заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) коммуналдық мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды);
12) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
13) жеке жауапкершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау керек;
14) мектептің Қамқоршылар Кеңесінің құрамын бекітеді.
19.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебінің» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен «Степногорск қаласының білім бөлімі» қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына «Степногорск қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
21.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
22.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
23.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) коммуналдық мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) коммуналдық мемлекеттік мекемеге жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, уәкелетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа;
9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
24.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекемесінің мүлкі мемлекет берген есебінен қалыптастырылады, сондай-ақ өзге де мүлектен құралады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, құны балансында көрсетілетін мемлекеттік мекемесі.
25.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
26.Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
27.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен «Степногорск қаласының білім бөлімі» қаржыландырады.
28.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
29.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен «Степногорск қаласының білім бөлімі» жүзеге асырады.
6-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
30.Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Оқушылардың сабақ тәртібі:
7-тарау .Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
31.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының «Степногорск қаласының білім бөлімі» шешімі бойынша жүзеге асырылады, және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
8-тарау.Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
32.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүргізіледі.
33.Коммуналдық мемлекеттік мекеме, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
34.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі «Степногорск қаласының білім бөлімі» жүзеге асырады.
35.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
36.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекеме кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қайта бөледі.
37.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің таратылған мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
9-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
38.«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің мынадай филиалдары мен өкілдіктері жоқ.